
Облыс орталғы Талдықорған қаласында ересектер арасында футзалдан өткен «TALDYQORGAN CUP» ашық турнирі өз мәресіне жетті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын турнирге Жетісу өңірінің аудан-қалаларымен қатар Астана, Алматы және Ақтау қалаларынан, сондай-ақ Қырғыз Республикасынан жалпы саны 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
🥇 Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын — «SMR Eurasia» (Ақтау қаласы);
II орын — «Alsar Mansur» (Алматы қаласы);
III орын — «Qazavtojol» (Талдықорған қаласы);
IV орын — «FC Kausar» (Алакөл ауданы).
Жүлдегерлерді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құттықтап, үздік командаларды марапаттады. Сондай-ақ ол аталған турнирдің алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатынын атап өтті.
Айта кетейік, «TALDYQORGAN CUP» ашық турнирі Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі, Жетісу облысы футбол федерациясы, сондай-ақ «Байжігіт-S» ЖШС мен «Асылым-бетон-А» ЖШС демеушілігімен ұйымдастырылды. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 4 млн.теңге.