
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл Қабанбай батыр көшесіндегі №50 және №52 тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар шатыр жабындысы мен қасбетін жаңарту мәселесін көтерді. Сондай-ақ кәріз және жылу желілерін жаңғырту, балалар алаңын салу қажеттігін жеткізді.
Қала әкімі тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, нақты жауап берді. Атап айтқанда, биыл жобаны қайта қарап, шатыр жабындысын ауыстыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Сонымен қатар көтерілген әрбір мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
«Өткен ғасырдың 1950 жылдары іргесі қаланған бұл тұрғын үйдің тарихи маңызы зор. Өзіндік сәулеті үйлескен ерекше ғимараттың келбетін сақтап қалуымыз қажет. Биыл шатырын жөндеп алсақ, алдағы уақытта жоспарға сәйкес қасбеті мен жылу, кәріз желілерін кезең-кезеңімен жаңартатын боламыз», – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.