Талдықорғанда жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ашық чемпионат өтті

Талдықорғанда жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ашық чемпионат өтті

Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Jetysu Arena» мұз айдынында шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында ашық чемпионат өтті.

Ашық чемпионатқа қала мектептерінен 10 команда, 100-ден астам жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс жоғары деңгейде өтіп, тартысқа толы ойындар көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Нәтижесінде ересек топтар арасында:

🥇 І орын – М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп;
🥈 ІІ орын – Н. Островский атындағы №8 орта мектеп;
🥉 ІІІ орын – Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясы иеленсе.

Ал кіші топтар арасында:

🥇 І орын – Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясы;
🥈 ІІ орын – №12 орта мектеп-гимназиясы;
🥉 ІІІ орын – №22 орта мектебіне бұйырды.

Аталған ашық чемпионат өңірде қысқы спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ оларды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл қысқы спортты қолдауға бағытталған маңызды спорттық додалардың бірі.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары қысқы спорт түрлерімен айналысатын жастардың қатары айтарлықтай артқан. Әсіресе, жасөспірімдер мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей және шаңғы спорты сияқты бағыттарға ерекше қызығушылық танытуда.