Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс нысандарын аралады

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қала аумағында қарқынды жүріп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен әкім «Бірлік» және «Құлагер» шағын аудандарында құрылысы аяқталуға жақын қалған көпқабатты тұрғын үйлердің қазіргі жағдайымен танысып, баспаналардың сапасына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, «Ынтымақ» тұрғын үй алабында өткен жылы басталған 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. Бұдан бөлек, қала әкімі «Жастар-3» тұрғын үй алабына барып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, салынып жатқан біртекті тұрғын үйлерді аралады.

Құрылыс нысандарын аралау барысында қала әкімі жауапты мекеме басшылары мен мердігерлерге құрылыстың сапасы мен мерзіміне қатысты ескертулер жасап, аталған нысандарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында еңбек етіп жүрген жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды міндеттеді.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:
- Ең бастысы тұрғындарға берілетін баспаналардың сапасы жоғары болуы тиіс. Әрбір құрылыс нысаны белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқталуы қажет. Сонымен қатар, жұмысшылардың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек, – деді.