
Талдықорғанда 20 қаңтардан бастап 1 наурызға дейін жергілікті тұрғындарға қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.
Халық қатысатын бюджет» жобасы қала тұрғындарының тілектерін ескере отырып, жайлы қалалық ортаны құрудың тиімді құралына айналды және Талдықорган қаласының әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті.
Ұсыныстар Талдықорған қаласы, Абай көшесі,241 мекенжайы бойынша немесе tdk-bnu.kz. интернет-ресурс арқылы өз бетінше беріледі.
Жобалық ұсыныстар тоғыз санат бойынша қабылданады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
5) бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
6) полигондарды жою;
7) жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және жалпы пайдаланылатын жерлерде спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы тұрғындарды қаланың даму процесіне тартуға бағытталған. Әрбір талдықорғандық идея ұсына алады және өзіне ұнайтын жобаны таңдап, оның орындалуын қадағалай алады.