
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген 6 қала тұрғыны әлеуметтік қолдау (көтерме жәрдемақы) алу туралы, жұмысқа орналасу,жердің кезегі, кәсіпкерлікпен айналысу сияқты өзекті тақырыптарды көтерді.
Кездесу барысында қала әкімі әрбір өтінішке мұқият назар аударып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, кезең-кезеңімен өз шешімін табатын болады», - деді қала әкімі Ернат Бәзіл.