Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертедi!

Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертедi!

Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертедi! "Қазгидромет" РМК ұсынған Алматы облысы бойынша қысқа мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, 2020 жылғы 23-24 қазанда Алматы облысының аумағында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, кей жерлерде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, күші 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 2-ден 7 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 3-тен 5 градусқа дейін үсік жүреді.
Осыған байланысты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз:
- азаматтарға автокөлікпенжолға шығар алдында ауа райы жағдайлары мен дауылды ескертулерге назар аудару,
- жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру және машинада күрек пен балта, жылы киімдер, сіріңкелер мен шырақтар, азық-түлік және ЖЖМ қоры, құралдар, алғашқы медициналық көмек жинағы және зарядталған ұялы телефон болу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәуліктік бірыңғай құтқару қызметінің "112" нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.