
4 желтоқсан күні Алматы қаласында өткен «Miss Qazaqstan – 2025» ұлттық сұлулық байқауының ақтық кезеңінде Талдықорған қаласының намысын қорғаған «MISS TALDYQORGAN – 2025» жеңімпазы Алина Нұрахметова үздік TOP-10 арудың қатарына кірді.
Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Алина ең көп 3540 дауыс жинап, көрермен таңдауымен «Miss People’s Choice – 2025» атанды.
Айта кетейік, «Miss Qazaqstan – 2025» ұлттық сұлулық байқауына әр өңірдің намысын 20 ару қорғаған болатын.
Алинаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!