«Үйтас» саяжайында жаңа жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді

«Үйтас» саяжайында жаңа жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді

«Үйтас» саяжайының көпір өткеліне баратын аумақта тұрғындар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ететін жаңа жаяу жүргіншілер жолы салынды. Орташа жөндеу жұмыстары аясында ұзындығы 207 метр болатын тротуар төселіп, №23 және 16 бағытындағы автобус маршруттарының соңғы аялдамалары ретке келтірілді. Аумаққа толық асфальт жабындысы төселді.

Еске салайық, қала әкімі Ернат Бәзіл «Үйтас» тұрғындарымен кездесуінде аумақты абаттандыру, атап айтқанда асфальт төсеу және жарықтандыру мәселелері көтерілген еді. Тұрғындардың ұсыныстарын уақытылы орындау мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен жұмыстар жедел қолға алынып, тротуар бойына жарық шамдары орнатылды.

Сонымен қатар, көпір өткелінің жан-жағына қоршау жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл жолды біз талай жыл күттік. Күз бен көктемде бұл жердің бәрі батпақ болып, балаларымызды мектепке апару да қиын болатын. Қараңғы кезде жүру тіпті қауіпті еді. Енді жарығы бар, таза, тегіс жолмен еркін жүретін болдық. Әсіресе оқушылар үшін өте тиімді болды», – дейді «Үйтас» саяжайының тұрғыны Людмила Расуловна.

Жаңадан салынған жаяу жүргіншілер жолы тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетпек.