
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсету, жеке кәсіп бастау үшін жер телімін алу, кәсіпкерлікке қолдау көрсету, қайтарымсыз гранттар мен ауыз су мәселелері секілді өзекті әлеуметтік тақырыптарды көтерді.
Кездесу барысында қала әкімі әрбір өтінішке мұқият назар аударып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
- «Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне назар аудару біздің басты міндетіміз. Көтерілген сұрақтардың барлығы назарда ұсталып, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады», - деді қала әкімі Ернат Бәзіл.