Талдықорғандық кәсіпорын "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алды

Талдықорғандық кәсіпорын "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алды

Қаламыздың негізгі өндірушілерінің бірі - "Қайнар-АКБ" ЖШС басым жобаларды несиелендіру тетігі бойынша ("Қарапайым заттар экономикасы") мемлекеттік қолдау алды.

Қолдау несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде көрсетілді, енді компания несие бойынша жылдық 6% төлейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі - ЕДБ) инвестицияларға және/немесе айналым қаражатын толықтыруға кредит ала алады, Кредит сомасы шектелмейді. Кредиттер жылдық 15% - ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі, оның ішінде жылдық 9% - ға дейін мемлекет субсидиялайды, осылайша кәсіпкерлер кредит бойынша жылдық 6% - ды төлейді. Инвестициялық кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 10 жылды, айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылды құрайды.

Сондай – ақ, кәсіпкерде несие бойынша кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» Қоры несиенің барлық мерзіміне өз кепілдігін беруге дайын. Бір жоба шеңберіндегі кепілдік мөлшері: 3 млрд.теңгеге дейін кредиттер бойынша кредит сомасының 50% - на дейін, ал 3 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін кредиттер бойынша 30% - ға дейін құрайды.

Субсидиялау және кепілдендіру құралдарын "Даму" Қоры "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынады. Бұл ретте "Даму" Қоры тарапынан кредиттерді субсидиялау онлайн режимде Электрондық үкімет (E-gov) және online.damu.kz платформалары арқылы жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 86 мекен-жайы бойынша орналасқан "Даму" Қорының Аймақтық филиалына немесе 8-7282-55-87-10 телефонға  хабарласуларыңызды сұраймыз.