Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады

Қала әкімі Ернат Бәзіл құрылыс және абаттандыру нысандарын аралады

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Жұмыс барысында ең алдымен «Бірлік» және «Құлагер» шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарын көріп, ондағы жұмыстардың жай-күйін бағамдады.

Одан кейін, қала әкімі «Ұлан» шағын ауданында жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстарымен танысты. Бүгінде аталған жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Атап айтқанда, сырлау жұмыстары толығымен біткен, ал қазіргі таңда балкондарды біркелкі етіп жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, «Береке» коттедж қалашығында «АС Құрылыс» ЖШС салып жатқан бес көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс барысын көрді. Қазіргі таңда нысандардың төменгі қабаттарына бетон құю жұмыстары басталған.

Әкім бұдан әрі «Жастар-3» тұрғын үй алабы мен «Шығыс» шағын ауданында қарқынды жүргізіліп жатқан жол салу жұмыстарын арнайы көріп, жол сапасын тексерді.

Сонымен қатар, қала орталығындағы қайта жаңғыртылып, абаттандырылып жатқан ескі Арбат жаяу жүргіншілер демалыс орнына да барды.

Бүгінгі күні мұнда жарық желілерін тарту, брусчатка төсеу және аумақты ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстар қараша айында толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жұмыс сапарының қорытындысында қала әкімі бірқатар мәселелер бойынша сын-ескертпелер айтып, жұмыс сапасын арттыруды, белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауды және барлық нысандарды күнделікті бақылауда ұстауды жауапты бөлім басшылары мен мердігер компанияларға тапсырды.