Жаныңда жүр жақсы адам.

Жаныңда жүр жақсы адам.

«Ардагерлер Үйінің» мәжіліс залында Еріктілер жылының аясында волонтерларды марапаттау шарасы өтті.
Әлемді дүрліктірген коронавирус індетіне орай, карантин кезінде қаламызда қайырымдылық көмектерін көрсетіп, тұрғындар мен ардагерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары мен дәрігерлерді тасымалдау шараларына белсенділік танытып, өздеріңің қомақты үлестерін қосқандары үшін ерікті жастар Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Райылұлы Әбдірайымовтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Марапат иелерін Талдықорған қалалық Маслихат хатшысы Ахажан Темірболат Жанболатұлы құттықтап, қайырымдылық қызметтері үшін шынайы алғысын білдірді.