Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар маңызды құрылыс және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
🔹 «Құлагер» шағын ауданы
Әкім алдымен бұл ауданда қарқынды жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы мен скверді аралап көрді. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзіміне ерекше назар аударып, жауапты мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берді.
🔹 «Жетісу» және «Жұлдыз» шағын аудандары
Бұл шағын аудандарда аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысы тексерілді. Әкім орын алған бірқатар кемшіліктер бойынша ескерту жасап, оларды қысқа мерзімде жоюды тапсырды.
🔹 Көркем гимнастикаға арналған спорт кешені
Қазіргі таңда құрылысы қызу жүріп жатқан жаңа спорт кешенінің алаңына арнайы барды. Бұл нысан балалар мен жастарға арналған заманауи спорт инфрақұрылымы ретінде жоспарланған.
🔹 Рүстембеков көшесі
Аталған көшенің 4 шақырым бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі жұмыс барысын көзбен көріп, мердігерлерге жұмыс қарқынын күшейтуді және сапаны басты назарда ұстауды тапсырды.
Қала әкімінің нысандарды аралауы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беру, кемшіліктерді дер кезінде жою тапсырып, қатаң бақылауға алуды міндеттеді.