Бүгін Талдықорған қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармада 2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында шақыру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы Жеңіс Андабековтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Комиссия отырысында әскери қызметке шақырылған азаматтардың дәрігерлік тексеру нәтижелері қаралып, олардың денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамдылық дәрежесі анықталды.
Күзгі шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметке жарамды деп танылған 7 азамат ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жіберіледі. Ал әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтарға қатысты заңнамаға сәйкес шақырудан босату туралы тиісті шешімдер қабылданды.
Айта кетейік, 2025 жылдың көктемгі шақыру науқанының қорытындысы бойынша Талдықорған қаласынан 183 азамат мерізімді әскерге шақырылған болатын. Жалпы күзгі шақыру науқаны барысында қала бойынша 200 азаматты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған.