Облыс орталығы Талдықорған қаласында жаңа бағытта қатынайтын №27 автобус өз қызметін бастады.
№27 бағыттағы автобус Ынтымақ тұрғын үй алабынан басталып, «Бірлік», «Құлагер» «Мүшелтой», «Болашақ» және «Жастар» шағын аудандарын және қала орталығының бірқатар маңызды көшелерін басып өтеді. Соның ішінде Гаухар ана көшесіде бар.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, бүгіннен бастап бұл бағытта әзірге 4 автобус қызмет көрсетеді. Егер тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары болса, қосымша тағы 4 автобус қосу жоспарланып отыр.
Еске салайық, қала әкімі Ернат Бәзілдің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында биылғы тамыз айынан бастап Гаухар ана көшесінде екі бағыттағы көлік қозғалысы ашылған болатын.
Айта кетейік, бұл бағытта шығатын автобустардың барлығы «Yutong» маркалы жаңа заманауи автобустар.