17 қыркүйекте Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар өтеді.
Іс-шара «Атамекен» Кәсіпкерлер ұлттық палатасымен бірлесіп ұйымдастырылады және жаңа Салық кодексінің негізгі талаптарын түсіндіруге бағытталып отыр.
Семинардың мақсаты – өңірдің кәсіпкерлері мен салық төлеушілеріне салық заңнамаларының алдағы өзгерістері туралы өзекті ақпараттар беру, сол сияқты қатысушылардың сұрақтарына жауап беру.
Өтетін орны:
Талдықорған қ., Назарбаев көшесі, 67, І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы
Өтетін күні және уақыты:
17 қыркүйек 2025 жыл, сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін
Семинарға қатысу тегін, алдын ала онлайн-тіркеуден міндетті түрде өту керек.
Мынадай жолдармен тіркеуден өтуге болады:
— @jetisu_obl_mkd аккаунтының Instagram профиліндегі сілтеме арқылы;
— QR-код арқылы;
— мына сілтеме арқылы: https://forms.gle/jyPu4hAKTx6Z61o58
Бизнес өкілдері мен қызығушылық танытқан азаматтарды семинарға қатысуға шақырамыз!
Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаменті