Талдықорған қалалық мәслихаты мен әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі бірлескен шешіміне сәйкес, енді бірқатар азаматтар санаты үшін қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жеңілдетілді.
🔹 Тегін жүру құқығы берілді:
✅ Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
✅ Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға;
✅ Бірінші топтағы мүгедектігі бар жандарға.
🔹 50% жеңілдікпен жүру мүмкіндігі:
Екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға;
Үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға.
🔹 Қала бойынша «Onay» көлік картасын иеленгендер:
434 ұрыс қимылдарының ардагері;
1713 екінші топтағы мүгедектігі бар азамат;
1597 үшінші топтағы мүгедектігі бар азамат.
Бұл шешім қоғамдағы әлеуметтік теңдікті арттыруға бағытталған нақты қадам!
Әлеуметтік қолдау басты басымдық!