Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Жетісу» телеарнасының «19 регион» бағдарламасының қонағы болды.
Сұхбат барысында әкім облыс орталығы Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта қолға алынатын тың жобалар жайында айтып, тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді.