Қала әкімі Ернат Бәзіл жаңа «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағының абаттандыру сапасын тексерді

Қала әкімі Ернат Бәзіл жаңа «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағының абаттандыру сапасын тексерді

Қала әкімі Ернат Бәзіл жаңа «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағының абаттандыру сапасын тексерді

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл облыс орталығының Біржан сал көшесінде абаттандырылып, жаңадан салынған «Арбат» жаяу жүргіншілер демалыс орнын аралап көрді.

Аралау барысында әкім атқарылған жұмыстардың сапасына ерекше мән беріп, орындалған істерге оң бағасын берді.

Заман талабына сай абаттандырылған жаңа «Арбат» қала тұрғындары үшін тағы бір жайлы демалыс орнына айналмақ.

Осыған орай қала әкімі демалыс аймағында тұрақты бақылау шараларын жүргізіп, жабайы (рұқсат етілмеген) саудаға жол бермеуді қатаң тапсырды.

Қала әкімі Ернат Бәзіл өз сөзінде:

- Құрметті Талдықорғандықтар! Бүгін біз жаңа Арбатты техникалық тұрғыда іске қосып отырмыз. Сіздер бұл аумақтың толықтай абаттандырылғанын байқаған боларсыздар. Қала әкімі ретінде сіздерге маңызды бір өтінішпен жүгінгім келеді.

Бәріміз де көрікті, ұқыпты әрі таза қалада өмір сүргіміз келеді. Арбатта серуендеп, демалып, арнайы белгіленген орындарда сауда жасаған қандай жақсы. Сондықтан бұл аумақтың қайтадан бейберекет сауда орнына айналып кетпеуі өте маңызды.

Бұл мәселені тек әкімдік жалғыз шеше алмайды сіздердің қолдауларыңыз қажет. Құрметті тұрғындар, бейжай қарамай, белсенділік танытуларыңызды сұраймын. Егер серуендеу немесе сауда жасау барысында рұқсат етілмеген сауданы байқасаңыздар, оны фото немесе видеоға түсіріп, 102 немесе 109 нөміріне жолдауларыңызды сұраймын. Біз жедел әрекет етеміз.

Арбат барша тұрғындар үшін жайлы демалыс орны ретінде бірге сақтап қалайық!» - деді.