Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл 23 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар жол жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, көше атауын беру, көше жарығын орнату, балалар ойын алаңдарын салу, апатты үйлерді жөндеу, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жаңарту, ағаш кесу, үйді жекешелендіру, жер кезегін жылжыту сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.

Кездесу кезінде қала әкімі әрбір өтінішке мұқият назар аударып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, әкім барлық көтерілген мәселелер жеке бақылауға алынатынын және олардың оң шешілуіне жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.