Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда

Облыс орталығы Талдықорғанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

Атап айтқанда, жасыл желектер суарылып, ағаштар санитарлық мақсатта кесілуде. Арық желілері тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жол жиектерімен қатар саябақтар, скверлер мен аялдамалар да ретке келтіріліп, тазартылып жатыр.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жыл бойы 37 іс-шара өткізілді. Оның ішінде 7 сенбілік пен 30 экологиялық акция бар. Бұл іс-шараларға 5 700-ден астам қала тұрғыны, еріктілер, жастар, ПИК өкілдері мен тұрғындар белсене қатысты.

Тазалық жұмыстары Қаратал өзенінің жағалауында, арықтарда, ескерткіштер мен қоғамдық орындарда жүргізіліп, нәтижесінде 650 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов:

- Тазалық әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Біз барлығымыз бірге атсалысып, қаламызды таза әрі көрікті ете аламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар тек бір реттік емес, жүйелі түрде жалғасатын болады. «Таза Қазақстан» аясындағы шаралар экологияны қорғауға, тұрмыс сапасын арттыруға және тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта да сенбіліктер мен экологиялық акцияларды кеңінен ұйымдастырып, әрбір азаматтың белсенді қатысуына мүмкіндік жасаймыз, – деді ол.