Талдықорғанда БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі ерекше форматта аталып өтті

Талдықорғанда БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі ерекше форматта аталып өтті

Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, журналистер еңбегіне зор алғысын білдірді.

Жалпы шара еркін, бейресми форматта ұйымдастырылып, қатысушылар арасында Дартс, садақ ату, бадминтон, интеллектуалдық ойындар және атқа міну секілді түрлі қызықты жарыстар өтті. Бұл – шығармашылықпен айналысатын жандар үшін тамаша демалыс әрі бір-бірімен етене араласуға мүмкіндік берген көңілді күн болды.

Сонымен қатар, қала басшысы кәсіби мереке қарсаңында жерлестеріміздің еңбегі лайықты бағаланып, бірқатар журналистер қауымы мемлекеттік марапаттарға ие болғанын атап өтті. Бұл – барша Талдықорған жұртшылығы үшін зор жетістік.

Ерекше атап өтер жайт «Талдықорған» газетінің бас редакторы Гүлжанат Мырзалықызы Мемлекет басшысының қабылдауында болып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, «Жетісу» телеарнасында 30 жылға жуық табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі журналист Гүлжанат Мақұлжанова «Құрмет» орденінің иегері атанды.

Қала әкімі бұл марапаттар – журналистердің қоғам алдындағы өлшеусіз еңбегінің нақты дәлелі екенін айтып, олардың жетістіктері өскелең ұрпақ пен жас журналистерге үлгі-өнеге болатынын ерекше атап өтті.