Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, елеулі еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Олардың қатарында жерлесіміз, «Талдықорған» газетінің бас редакторы Гүлжанат Мырзалықызы Нұршанова да бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Гүлжанат Мырзалықызы журналистика саласында 30 жылдан астам уақыт бойы қажырлы еңбек етіп, талай жас буынға үлгі-өнеге көрсетіп келеді. 2019 жылдан бері «Талдықорған» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып жүр.
Қаламыздың тыныс-тіршілігін насихаттауға қосқан сүбелі үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!