Талдықорғанда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Талдықорғанда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 27 мамыр күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапхана қызметкерлері мен Талдықорған қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері бірлесіп, ұлы ғалым, этнограф, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шығыстың жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш шара ұлы тұлғаның тарихи рөлі мен ғылыми мұрасына шолу жасап, қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесінде қызмет етіп жүрген азаматтарға рухани серпін беру мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында кітапханашы Сымбат Мырзақасымова Шоқан Уәлихановтың өмір жолына тоқталып, оның ғылыми еңбектері туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, қалалық әкімшіліктің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Меліс Диана «Шоқан Уәлиханов – қазақ ғылымының негізін қалаушы» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылар ұлы ғалымның тарихи мұрасы мен ғылыми еңбектерінің маңызы жайлы пікір алмасып, олардың ұрпаққа берер тағылымы жөнінде ой бөлісті.

Шара соңында «Ұлы тұлға – ұрпаққа тағылым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ш. Уәлихановтың көп томдық шығармалар жинағы мен басқа да еңбектеріне библиографиялық шолу жасалды.