Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 31 қазандағы № 106-ө «Мобильдік топтар құру туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына, 7-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының«Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес ӨКІМ ЕТЕМІН:

         1.Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 31 қазандағы № 106-ө «Мобильдік топтар құру туралы» өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 31 қазандағы «Мобильдік топтар құру туралы» № 106-ө өкімінің атауына және мәті бойынша «Мобильдік топтар» сөздері «Мониторингтік топтар» сөздерін ауыстырылсын;

мониторингтік топтардың жаңа құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы өкімнен басқа да туындайтын шаралар қабылдансын.
  2. Қала әкімінің келесі өкімдері жойылсын:

- 2021 жылғы 18 мамырдағы №34-ө;

- 2021 жылғы 08 шілдедегі № 41-ө н/қ.

- 2021 жылғы 04 қазандағы № 56-ө н/қ

- 2021 жылғы 25 қарашадағы 66-ө н/қ.

  1. Өкімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д. Нұржановқа жүктелсін.

 

 

         Қала әкімі                                                                  Е. Жасыбаев   

Талдықорған қаласы әкімінің 2020 жылғы 31 қазандағы № 106-ө «Мобильдік топтар құру туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
30 декабря 2021