
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Жетісу облысы бойынша құрылыс саласында құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Жетісу облысы бойынша құрылыс басқармасының қызметкерлері «Әлеуметтік нысандар құрылысы және жұмыстардың сапасын бақылау саласындағы адалдық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбындағы дәріске қатысты.
Іс-шара барысында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мемлекеттік сатып алуларды өткізу, құрылыс бақылауын жүзеге асыру, нысандарды қабылдау және орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәріс қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар техникалық қадағалау мамандарының, тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдардың әлеуметтік нысандар құрылысының сапасын қамтамасыз етудегі, құрылыс нормалары мен стандарттарын сақтаудағы, сапасыз материалдарды қолдануға және орындалған жұмыстар көлемін негізсіз ұлғайту фактілеріне жол бермеудегі рөлі талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша құрылыс процесіне қатысушы әрбір тараптың адалдық, ашықтық және жеке жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бюджет қаражатын тиімді игерудің, сондай-ақ халық игілігі үшін қауіпсіз, сапалы және заманауи әлеуметтік нысандар салудың маңызды шарты екендігі атап өтілді.
Құрылыс басқармасы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда