«Таза Қазақстан»: Жетісуда ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары 97 %, ал балалар ойын және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу 95% аяқталды

«Таза Қазақстан»: Жетісуда ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары 97 %, ал балалар ойын және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу 95% аяқталды

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Соның ішінде 2 орталық алаң жаңартылды, ескерткіштерді қалпына келтіру – 97 %балалар ойын және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу - 95%, , саябақтарды абаттандыру – 84%, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу – 76%, аллеяларды абаттандыру 66% аяқталды. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен өткен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалу барысы туралы облыс әкімдігінің отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында негізгі баяндаманы жасаған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев өңірдегі абаттандыру жұмыстарының аяқ алысына тоқталды. Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 21 саябақ, 6 аллея, 2 сквер, 2 орталық алаң, 49 аула, 81 балалар мен спорт алаңы
абаттандырылады, соның 64 нысанында құрылыс жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің 59 шатыры мен 13 қасбеті жөнделді. Оған қоса 70 ескерткіш қалпына келтіріліп, 7,9 шақырымы арық желілері жабдықталды, сондай-ақ  152 шақырым көше жолдарына жарық шамдары орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

- «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облыс бойынша 151 мыңнан астам адам қатысқан экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 11 486 тонна қоқыс шығарылып. Жалпы биылғы жылдың жоспары бойынша 120 мыңнан астам түп ағаш отырғызу көзделсе, соның 56 мыңнан астамы көктемде отырғызылды түп көшет отырғызылды, қалған 65 мыңы күз мезгілінде егіледі, - деген М. Көлбаев өңірде көшет отырғызу орындарын таңдау, ағаш түрлерін іріктеу мен агротехникалық талаптарды сақтау, күтіп-баптау мен суару бойынша жүйелі жұмыс қалыптастыру және нақты климаттық жағдайларды ескеру керектігін айтты.

Сол сияқты жергілікті бақылау және «Ғарыш Сапары» спутниктік порталы арқылы жүргізілген бақылаулар нәтижесінде жалпы 618 рұқсатсыз төгілген қоқыс үйіндісі тіркелді. Қазіргі таңда олардың 577-і немесе шамамен 93%-ы толығымен жойылып, қалған 41-інде жою жұмыстары жалғасуда.

Бір атап өтерлігі, осы жылы облыста «Үлгілі елді мекен», «Таза аудан орталығы», «Таза ауыл», «Таза аула» байқаулары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ өңірден Панфилов ауданының Талды ауылы «Үлгілі ауыл» республикалық байқауына, ал Сарқан ауданындағы «Қойтас» саябағы скверлер арасында өтетін байқауға ұсынылды.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев «Таза Қазақстан» бағдарламасының аймақтардағы іске асырылу барысы, кемшіліктерді жою мен өзекті мәселелердің шешімі жайлы аудан, қала әкімдерінің хабарламаларын тыңдап, жиынға қатысушыларға нақты тапсырмалар берді.

Ол өз сөзінде халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін атап өтті. Облыстық полиция департаментіне тазалық бойынша рейдтер жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша заң аясында шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар құрылыс, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандардың аумағын ретке келтіру, жолдарды және елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, аялдамалар, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту, орман және саябақ қорларын күтіп-баптау, қалалар аумағында жасыл желектерді цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев.