"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

 

2024 жылғы 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (әрі қарай – Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілмек) қол қойды.

Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданды.

Жаңа Заңның негізгі мақсаттары:

- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыру;

- рәсімдерді жеңілдету және сатып алу мерзімдерін қысқарту;

- құрылыс нарығын монополиясыздандыру;

- сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыру;

- бірыңғай сатып алу платформасын құру;

- жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту.