Жетісу облысында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай еңбек ұжымдарымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай еңбек ұжымдарымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті мен Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірлесе отырып, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай облыс аумағындағы еңбек ұжымдарымен құқықтық түсіндіру және ақпараттық жұмыстар жүргізуде.

Осыған орай, Ақсу ауданы бойынша «АҚСУҚАНТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек құқықтары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, еңбек қатынастары бойынша жиі туындайтын сұрақтарға жауап беріліп, өз құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.

Мұндай іс-шаралар еңбек қатынастары саласындағы құқықтық мәдениетті арттыруға, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға және жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, бұл кездесулер жұмыс орнындағы еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістік жарақаттар мен еңбек дауларының алдын алуға оң ықпал етеді.