Жетісу университетінің студенттерімен кездесу

Жетісу университетінің студенттерімен кездесу

2025 жылғы 25 сәуір күні Талдықорған қаласының Жетісу университетінде студент жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы жұмысқа орналасу тетіктері кеңінен түсіндірілді.

Атап айтқанда, студенттерге «Мансап компасы», “Enbek Skills” және басқа да сервистердің мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл құралдар арқылы жастар өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес қосымша мамандықтарды игеріп, қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған онлайн курстарды өтуге мүмкіндік алатыны туралы айтылды.

Кездесу Мемлекеттік қызмет істері Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті және жоғарғы оқу орнының педагогикалық құрамымен бірлесіп ұйымдастырылды. Жоғары курс студенттеріне ЖОО түлектерінің мемлекеттік қызметке келу бойынша негізгі бағыттары мен шарттары, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер конструктивті және мазмұнды диалог барысында өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.