Талдықорғанда «Аутизмді жеңеміз» жобасы бойынша ауқымды семинар-тренинг өтті

Талдықорғанда «Аутизмді жеңеміз» жобасы бойынша ауқымды семинар-тренинг өтті

2025 жылғы 17 сәуірде Талдықорған қаласында аутистік спектрдің бұзылыстары (АСБ) бар балалармен жұмыс істеу бойынша ауқымды оқыту семинары өтті.

Семинарға 100-ден астам мамандар, ата-аналар, мұғалімдер мен еріктілер қатысып, ерекше балаларды қолдауға арналған жаңа білім мен практикалық құралдарды меңгерді.

Семинарда ондаған мысалдар қарастырылып, «Аутизм жеңеміз» жобасының практикалық тәжірибесі негізінде аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс істеудің кешенді тәсілі талқыланды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ретінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Добровольное общество Милосердие» қоғамдық қоры болып табылды.

 Семинар АСБ бар балалармен өзара әрекеттесудің заманауи әдістеріне терең бойлау және тәжірибе алмасу үшін бірегей алаңға айналды. Практикалық дағдыларға ерекше көңіл бөлінді, бұл ата-аналар мен мамандарға әр баланың әлеуетін ашып, тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

«Аутизмді Жеңеміз» жобасы бойынша 30 оқыту семинары Қазақстанның әр қалаларында өткізілді. Әр семинар – ерекше балаларды түсініп, қабылдайтын инклюзивті қоғамға бағытталған қадам болып табылады.

«Біз өңірлерде АСБ мәселесіне деген көзқарастың қалай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз: тақырыпқа қызығушылық танытатын мамандар саны артуда, ата-аналар мен мұғалімдердің ақпараттануы жақсарып келеді. Бұл – бірлескен жұмыстың нәтижесі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.