Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақыру

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақыру

Қайырлы күн, құрметті Жетісу облысының тұрғындары!

Сіздерді 16 және 17 сәуірде сағат 10:00-де облыс бойынша аудан, қалаларда Мансап орталықтарының ұйымдастыруымен өтетін Ашық есік күні мен Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз.

Іс-шара барысында өзіңізге қолайлы жұмыс табуға, жұмыс берушілермен тікелей кездесуге және кәсіби кеңес алуға мүмкіндік аласыз.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша Мансап орталығына жүгінуіңізге болады.