2025 жылдың 2 сәуірінде Талдықорған қаласындағы «Аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталықта» Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай, «Аутизм спектрі бұзылған балаларға көмек көрсетудің теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында семинар-оқыту өткізілді.
Шараға Жетісу облысының мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының мамандары мен әлеуметтік қызметкерлері қатысты.
Мұндағы негізгі мақсат – аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру, білімі мен тәжірибесін нығайту және заманауи жұмыс әдістерімен таныстыру болып табылады.