Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні

      Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген.Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға,жас ұрпақтың   ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді.Дәстүрлі спорт түрлері өмір сүру салты ар-намыс,батылдық,ептілік,күш-қайрат және жылдамдық сияқты қасиеттерді бейнелейді.Қамқор орталығында балалар ұлттық спорт түрлерін жетік меңгерген.Сондай  ақ  ұлттық спорт ойындары  түзету-дамыту іс-әрекеті барысында күнделікті ұйымдастырылып отырады.Бүгін Ұлттық спорт күніне орай балалар арасында жарыстар ұйымдастырылап,ұлттық ойындар ойнатылды.