
2026 жылғы 25 тамызда Панфилов ауданы Жаркент қаласында креативті индустрияны дамыту бағытында мүгедектігі бар азаматтардың қатысуымен көрме ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың шығармашылық қабілеттерін қолдау, олардың қолөнер бұйымдарын көпшілікке таныстыру және креативті индустрия саласына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.
Іс-шара барысында 11 мүгедектігі бар азамат қатысып, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге барлығы 30 адам қатысты.
Аталған іс-шара қатысушылардың шығармашылық әлеуетін танытуға, олардың еңбегін насихаттауға және қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.