Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай басқарма басшысы Мизамбаев Ермек ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Басқарма басшысы мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекет өміріндегі ерекше маңызына тоқталып, ел игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жауапкершілігі мен кәсібилігін жоғары бағалады. Сондай-ақ, әріптестерінің атқарып жүрген жұмыстарына ризашылығын білдіріп, олардың халыққа сапалы қызмет көрсету жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. Мереке аясында бірқатар қызметкерлерге алғыс білдіріліп, олардың еңбегі ерекше атап өтілді.