Жетісу облысындағы 13 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Жетісу облысындағы 13 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 13 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаралардың негізгі мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоғамның қамқорлығы мен қолдауын сезіндіруге жағдай жасау.

Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған ойын-сауық кештері, концерттік қойылымдар, қызықты байқаулар мен түрлі танымдық іс-шаралар өткізілді. Балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, мерекелік сыйлықтар мен жылы лебіздерге ие болды.

Балалардың жарқын күлкісі мен шаттыққа толы көңіл-күйі мерекенің басты көрінісіне айналып, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың маңызын тағы бір мәрте айқындады. Балаларды қорғау күніне арналған игі шаралар олардың қоғам өміріне белсенді араласуына және жан-жақты дамуына оң әсерін тигізді.