«Мейірімге шуақ» қайырымдылық акциясы

«Мейірімге шуақ» қайырымдылық акциясы

Талдықорған қаласында 1 маусым – балалар күні мерекесіне орай «Мейірімге шуақ» қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталған шара «Абай-la» ақпараттық агенттігінің ұйымдастыруымен атқарылып, оған әр түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер, бизнес өкілдері, әлеуметтік, мәдениет, кәсіпкерлік және басқа сала мамандары, жанашырлық танытқан қарапайым халық өкілдері қатысып, ат салысты. Акция барысында облыстағы қолөнерші, суретші азаматтардың туындыларының көрмесі ұйымдастырылып, аукциондық сатылымға қойылды. Акция барысында жинақталған қаржы «Жетісу облысының мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестігі» жанынан арнайы ашылған есеп-шотқа жинақталып, облыс тұрғындары арасынан ауыр дертке шалдыққан балалардың шетел мемлекеттерінде шұғыл еміне жолданатын болады.

Шараның негізгі мақсаты – өңірде әлеуметтік қолдауды қажет ететін, балаларының денсаулығына байланысты қиын жағдайға тап болған отбасыларына материалдық, рухани қолдау көрсету. Сонымен қатар, қоғамда адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру, қайырымдылық мәдениетін дамыту болып табылады.