
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Панфилов және Көксу аудандарында жалғызбасты тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қолдау білдіру мақсатында тағылымды игі шара ұйымдастырылды.
Шара барысында ардагерлердің аулалары тазартылып, сыпыру және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар аға буын өкілдеріне ерекше құрмет пен жанашырлық танытып, қолдау көрсетті.
Бұл бастама — жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін дәріптейтін, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды шаралардың бірі болды.