Игі іс – үлкенге құрмет

Игі іс – үлкенге құрмет

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен «Жетісу жастары» мекемесінің еріктілері бірлесіп, жалғыз басты тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында игі іс-шара ұйымдастырды.

Аталған шара аясында ардагерлердің аулалары тазартылып, сыпыру жұмыстары жүргізілді. Еріктілер үлкен құрмет пен қамқорлық танытып, аға буын өкілдеріне қолдау көрсетті. Бұл бастама – жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды қадамдардың бірі болды.