
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 199 бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, “Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын оңалту техникалық құралдарының құнын өтеу ретінде берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі” қайта қаралуда.
Жаңа Әдістемеге сәйкес, кепілдендірілген сома Әлеуметтік қызметтер порталының және электрондық дүкеннің деректерін ескере отырып есептеледі.
Осыған байланысты, кепілдендірілген сома цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Күтілетін негізгі нәтижелер:
* оңалту техникалық құралдардың құнын қалыптастыру үдерісін толық цифрландыру;
* адами фактор мен субъективтілікті болдырмау;
* әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету;
* бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Сонымен қатар, мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында негізсіз шығындарды қысқартатынын атап өткен жөн.
Босатылған қаражат жүйені дамытуға, оның ішінде оңалтудың заманауи, технологиялық және қымбат құралдарын енгізуге бағытталады, бұл қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа тәсілдер әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі Ұлттық ғылыми орталық арқылы іске асырылады.
Сондай-ақ ағымдағы жылы Ұлттық ғылыми орталық арқылы оңалту техникалық құралдарын қайтарымды пайдалану тетігінің пилоттық жобасы іске қосылады.
Бұл тетік тек қауіпсіз түрде қайта пайдалануға болатын оңалту техникалық құралдарының түрлеріне қолданылады және жеке пайдалануға арналған құралдарға (жөргектер, протездер және т.б.) қатысты емес.
Енгізіліп отырған өзгерістердің негізгі мақсаты – әлеуметтік қорғау жүйесінің қолжетімділігін арттыру, оңалту сапасын жақсарту, жүйенің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.