Жетісу облысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру мәселелері талқыланды

Жетісу облысында арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру мәселелері талқыланды

Ағымдағы жылғы 29 сәуірде Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е. Мизамбаевтың төрағалығымен Жетісу облысы бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне өту, оның ішінде: арнаулы әлеуметтік қызметтерді «SOCIUM» ақпараттық жүйесіне енгізу және «Негізгі құралдар тізілімі» жүйесінде жұмыс істеу мәселелері талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.