Жетісу облысында мүгедектігі бар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті. Бұл спорттық шара өңірдегі бұқаралық спортты дамыту мен инклюзивті ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Жарысқа 60-тан астам қатысушы қатысып, олар бочча, үстел теннисі, футбол және волейбол спорт түрлері бойынша бақ сынады. Тартысты өткен бәсекелер қатысушылардың белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығын айқын көрсетті. Спартакиаданың басты мақсаты – дене мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортқа кеңінен тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қоғамда тең мүмкіндіктер қағидатын нығайту