Жетісу облысында мүгедектігі бар азаматтардың техникалық оңалту құралдарын (ОТҚ) жөндеу және сервистік қызмет көрсету жұмыстары жалғасуда

Жетісу облысында мүгедектігі бар азаматтардың техникалық оңалту құралдарын (ОТҚ) жөндеу және сервистік қызмет көрсету  жұмыстары жалғасуда

 

Облыста мүгедектігі бар азаматтардың техникалық оңалту құралдарын (ОТҚ) жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік жоба 2024 жылдан бастап іске асырылуда.

Аталған жоба мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдардың арбаларын (ОТҚ) жөндеу, сервистік қызмет көрсету, жаңғырту және жеке іріктеу бойынша кешенді қызметтерді ұйымдастыруға бағытталған.

Оның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсарту және олардың техникалық құралдарының қызмет ету мерзімін ұзарту болып табылады.

Қызметтер кешеніне кресло-арбаларға сервистік қызмет көрсету және жөндеу (шағын, орташа, күрделі), арбаларды жеке таңдау (клиницист қызметі), жұмсақ элементтерді тігу және жөндеу, дәнекерлеу жұмыстары, арбаларды жаңғырту, көшпелі (мобильді) қызметтер, химиялық тазалау, пайдаланушыларды арба күтімі ережелеріне оқыту кіреді.

Сервистік орталық Талдықорған қаласында жұмыс істейді. Көшпелі қызметтер облыстың барлық аудан, қалаларын қамтиды. Өтінімдер тәулік бойы қабылданады. Онлайн және телефон арқылы кеңестер беріледі. Қызметтерді білікті мамандар көрсетеді.

Жоба аясында соңғы 2 жылда 608 кресло-арбаны жөндеу бойынша қызмет көрсетіліп, қызметалушылардың өмір сапасын арттыруға қол жеткізілді. 2026 жылы 300 қызмет жоспарланып отыр.