
SERPIN WAY 2.0 ақпараттық керуені Жетісу облысына келіп, Мансап орталығының мамандарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға жоғары оқу орындарына түсу шарттары, грант алу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары және қос диплом жобалары туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында «Серпін» бағдарламасының негізгі бағыттары, жастарға арналған мүмкіндіктері, сондай-ақ солтүстік аймақтарда білім алу және жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді. Мансап орталығының мамандары сұрақтар қойып, толық жауап алды. Сонымен қатар жастарға дұрыс кәсіби таңдау жасау, еңбек нарығында сұранысқа ие салалар мен кәсіби дамудың мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Іс-шараның басты мақсаты — «Серпін» бағдарламасын насихаттау, өңірлер арасындағы кадрлық балансты қамтамасыз ету және жастарды сапалы білім алуға бағыттау.