Бүгін Алғыс айту күніне орай басқармада ерекше әрі тағылымы мол іс-шара өтті. Басқарма басшысы Е. Мизамбаев ұжым қызметкерлерінің ата-аналарын арнайы шақырып, оларға шынайы ризашылығын білдірді.
Іс-шара барысында басқарма басшысы ата-аналарға алғыс хаттар табыстап, бір шоқ гүл сыйлады. Ол өз сөзінде ата-аналардың тәрбиесі мен қолдауының арқасында мекемеде жауапкершілігі жоғары, білікті және ел мүддесіне адал қызмет етіп жүрген мамандар еңбек етіп жатқанын атап өтті.
Ата-аналар көрсетілген құрмет үшін алғыстарын айтып, мұндай тағылымды шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл игі дәстүр басқармада екінші жыл қатарынан жалғасып келеді.