Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормалары бойынша кездесу

Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормалары бойынша кездесу

Жетісу облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Уйсимбеков Акан Абайұлы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері болды. Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын ұстану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оған жол бермеу шаралары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен қоғам алдындағы міндеттері туралы айтылды. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.