
2026 жылдың 13 ақпан күні Талдықорған қаласындағы «City Plus» ойын-сауық орталығында жастар мен ересектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 80-ге жуық жұмыс іздеуші қатысып, еңбек нарығындағы ұсыныстарға жоғары қызығушылық танытты. Іс-шараға 10-ға жуық жұмыс беруші қатысып, 60-тан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Қатысушылар ұсынылған вакансиялар бойынша толық ақпарат алып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатты. Сонымен қатар, үміткерлер шағын сұхбаттасудан өтіп, тұрақты жұмысқа орналасуға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, мансап орталығы арқылы субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу мүмкіндіктері де түсіндірілді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі - жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тиімді алаң, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды шара.