Халықты әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

Халықты әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды

2026 жылғы 27 қаңтар күні Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде халықты әлеуметтік қолдау және әлеуметтік төлемдерді түсіндіру тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға Жетісу облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев және Жетісу облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Лолита Досербекова қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бағытындағы өзекті мәселелер түсіндіріліп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауаптар берілді.